Мүгедектігі бар азаматтар үшін онлайн бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Бүгiн, 16:19 116

Tanda Enbek платформасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған онлайн бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

18 қазан күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бос орындар жәрмеңкесін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен IteachMe қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Кәсіби жұмыскерді іздейтін жұмыс берушілер әлеуметтік жауапкершілікті арттыра отырып, алдын-ала тіркеуден өтуі керек.

Жәрмеңкеге қатысу жұмыс берушіге өзінің жеке кабинетінде жауап берген кандидаттардан түйіндемені сақтауға, мәтіндік форматта онлайн-әңгімелесу өткізуге және Tanda.Enbek.kz порталындағы жеке кабинетте бетпе-бет немесе бейне сұхбатқа лайықты кандидаттарды шақыруға мүмкіндік береді. Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушіні тіркеу туралы толық нұсқаулық сілтемесі бойынша қолжетімді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: