Мүгедектерге жәрдемақы 7 жастан беріледі - министр

26 Сәуір 2023, 11:34 1171

Мүгедектер тобы 7 жастан бастап беріледі және оның жәрдемақыларының да мөлшері сараланады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі 

Мәжілісте «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Оның негізінде мүгедектердің құқықтарын арттыру мен қолайлы жағдай жасау қарастырылды.  

Бүгінде елімізде мүгедектігі бар азаматтардың саны 700 мыңнан асты. Олардың 59 пайызы жұмыс жасындағы азаматтар болса,15 пайызға жуығы балалар.

Бұл санаттағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды қоғамға қайта рентеграция жасау Үкіметтің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерінің бірі. Қазақстан мүгедектерінің құқықтары туралы конвенцияға және осы конвенцияға қатысты факультативті хаттамаға 2008 жылы желтоқсанда қол қойды. Осылайша Қазақстан өзіне мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғауды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру міндеттемелерін алды. Осы жылдар ішінде бұл санаттағы азаматтардың құқықтарына қатысты заңдарға өзгерістер енгізілді, ұлттық жоспар қабылданды. Бүгінгі күні оның бірінші кезеңі аяқталды, ал екінші кезеңі бойынша шаралар іске асырылуда, - деді министр.

Мүгедектікті белгілеу кезең-кезеңімен бір терезе қағидатымен жұмыс істейтін проактивті форматқа өткізілуде. Бұл медициналық әлеуметтік сараптамалық жұмысының ашықтығын  қамтамасыз ететін бірден бір жол деп қарастырып отырғанын атап өтті.

Екіншіден, бұрын 18 жасқа дейін ауру түріне және сауықтыру потенциалына қарамастан барлығына бірдей мүгедек бала деген бір статус және бірдей жәрдемақы төленген болса, ендігі уақытта балаларға берілетін мүгедектік тобы 7 жастан бастап және оның жәрдемақыларының да мөлшері сараланды, - деді Тамара Дүйсенова.

Миражан Махан
Бөлісу: