Мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

1 Қазан, 21:17 448

Оқу-ағарту министрлігі мереке қарсаңында мұғалімдерге гүл сыйлауға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұстаздар күні расында ерекше күн, бұл күн педагогтердің біздің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ бұл дата бізді тәрбиелеп, оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі. Гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру - біздің мұғалімдерімізге деген алғыс сезіміміздің белгісі. Мұндай ықылас ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы  сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі, - дейді Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Айта кетейік, 5 қазанда Қазақстанда Ұстаздар мерекесі атап өтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: