07.07.2023
21:48
807
Мұғалімдердің білімін бағалау сынағына өтініш 10 шілдеге дейін қабылданады

Мұғалімдердің білімін бағалау сынағына өтініш 10 шілдеге дейін қабылданады

Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалау сынағына өтініш қабылдау басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өтініш 6-10 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады.

Ескерту: бос орындар қалмаған жағдайда өтініш қабылдау мерзімінен бұрын аяқталады. Ал педагогтың білімін бағалау емтиханы 10-19 шілдеге жоспарланған.

Білім бағалау сынағына келесі топтар қатыса алады:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
    білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
  • жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
  • қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
  • білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
  • педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (күндізгі бакалавриат, қысқартылған бакалавриат, магистратура);
  • педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);
  • педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.