Мұғалімдерді мәжбүрлі еңбекке тартуға тыйым салынды

6 Ақпан, 13:33 1157

Өзбекстанда мұғалімдерді мәжбүрлі еңбекке тартуға заң жүзінде тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстанда заңнамалық деңгейде мұғалімдерді мәжбүрлі еңбекке тартуға, олардың қызметіне байланысты емес есептерді талап етуге, сондай-ақ олардан жазбаша келісімінсіз ақша ұстауға тыйым салынды.

1 ақпанда Өзбекстан президенті қол қойған "Педагог мәртебесі туралы" заң мұғалімдерді өздерінің кәсіби қызметімен байланысты емес жұмыстарға, көгалдандыру және ауылшаруашылық жұмыстарына тартуға тыйым салады.

Сонымен қатар құжатта бірқатар тыйымдар белгіленген: олардың ішінде мұғалімнің кәсіби қызметіне араласу, оның қызметін негізсіз тексеру, мұғалімнің білім алушылардың білімін дұрыс және объективті бағалауына әсер ету, олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау. Мұғалімнен оның кәсіби міндеттеріне байланысты емес есептер мен басқа ақпаратты өткізуді және ұсынуды талап етуге болмайтындығы жазылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: