Муаммар Каддафидің ұлы аштық жариялады

5 Маусым 2023, 00:37 856

Ливанда жеті жылдан астам уақыт бұрын ұсталған марқұм Ливия көсемі Муаммар Каддафидің ұлы Ганнибал Каддафи сенбіде сотсыз қамауға алуға наразылық білдіру мақсатында аштық жариялады. Бұл туралы оның адвокатына сілтеме жасай отырып The Associated Press хабарлайды.

2015 жылы Ганнибал Каддафиді ливандық содырлар көрші Сириядан ұрлап әкелген. Ол жақта Ганнибал саяси босқын ретінде өмір сүріп келген.

Кейінірек Каддафиді Ливан билігі ұстап, содан бері сотсыз және тергеусіз Бейрут түрмесінде отыр.

Адвокат Пол Романос Тhe Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Ганнибалдың сенбі күні таңертең аштық жариялағанын және соңына дейін күресетінін айтты.

Ал Каддифидің өзі:

Осы жылдар ішінде саяси тұтқынды әділ сотсыз қалай ұстауға болады? - деп мәлімдеген.

Романостың айтуынша, оның Ганнибал бірнеше жыл бойы қозғалуға және жаттығуға мүмкіндігі жоқ тар камерада отырғандықтан, ол қазір арқа ауруымен ауырады.

Берік Арманов
Бөлісу: