Әлеуметтік желіде қыздардың төбелесі тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жолы оқиға Қызылорда қаласының орталығында болған.
Кадрдан екі жас қыздың жол бойында жұдырықтасып жатқанын көруге болады. Олардың бірі жекпе-жек спортымен шұғылданатын секілді. Көп ұзамай бойжеткендердің төбелесіне жігіт араласып кеткенін көруге болады.
Төбелес тек полиция қызметкерлерінің келуімен тоқтатылды.
«Бойжеткен спортшы болса да, сырт көзге ерсі көрінеді екен», «Үндістанның фильмдері сияқты», «Жігіттікі дұрыс», «Мұндай қыздарды осылай басу керек», «Мортал Комбат», - деп жазған оқырман.
Полиция қызметкерлері бойжеткеннің жеке басын анықтады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram