26.10.2024
20:15
828
Моринари Ватанабэ Халықаралық гимнастика федерациясы президенті қызметіне қайта сайланды

Моринари Ватанабэ Халықаралық гимнастика федерациясы президенті қызметіне қайта сайланды

Моринари Ватанабэ (Жапония) Халықаралық гимнастика президенті (FIG) басшысы қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сайлау қазіргі таңда Дохада (Катар) өтіп жатқан 85-ші FIG Конгресінде болды. 

Айта кетелік, Ватанабэ аталған ұйымға 2017 жылдан бері басшылық етеді. 

Қазақстан гимнастика федерациясының вице-президенті Даниса Дүйсенғалиева FIG Кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Қазақстан гимнастика федерациясының тағы бір вице-президенті Алуа Бектұрова дауыс беру нәтижелері бойынша көркем гимнастикадан FIG техникалық комитетінің мүшесі атанды.