Монреальда еврей мектебіне шабуыл жасалды

13 Қараша 2023, 07:29 1218

Канаданың Монреаль қаласында еврей мектебіне белгісіз біреулер оқ атқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

CBC News мәліметінше, бұл осы аптада оқу орнына жасалған екінші шабуыл.

Монреаль полициясы (Канада) қаланың батыс аймағындағы еврей мектебінде болған шабуылға қатысты тергеу жүргізуде, - делінген телеарна сайтында.

Жексенбі күні таңертең оқ атылған, абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Телеарнаның мәліметінше, әзірге қаскөй қолға түспеген.

Берік Арманов
Бөлісу: