Моңғолияда тұратын қазақ азаматы бодибилдингтен әлем чемпионатында жүлде алды

11 Қараша 2023, 11:51 901

Моңғолияда тұратын этникалық қазақ Еркебұлан Байытұлы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан бодибилдинг және дене шынықтыру бойынша әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. 

Power Nutrition тобының спортшысы өзін сахнада бұлшық еттері арқылы дәлелдеп, әлемнің үздіктерінің қатарына еніп отыр. Бүгінде Моңғолияда бодибилдингпен тұрақты айналысып, бапкерлік қызметті қоса атқаратын Еркебұлан Байытұлы көптеген жарыстардың жеңімпазы.

Оңтүстік Кореядағы емен алқабындағы курортта бодибилдинг және дене шынықтыру спортынан 14-ші әлем чемпионатында қазылар алқасы қандасымыздың ерекшелігіне назар аударған.

Этникалық қазақ спортшысы бүгінде Моңғолияның Эрдэнэт қаласында тұрады.

Асқар Таудай
Бөлісу: