Моңғолияда 60 тонна газ жарылды

24 Қаңтар, 10:03 1058

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда 60 тонна газ тасымалдаған жүк көлігі жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер бар.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жарылыстан жүк көлігі 30-40 метр қашықтыққа ұшып кеткен.

Өрттен бес адам қайтыс болды, олардың үшеуі жедел қызмет өкілдері, тағы екеуі тұрғын.

Сонымен қатар 20 көлік өртенген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: