Моңғолия президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді

3 Шілде, 11:01 557

Ухнаагийна Хурэлсуханы елордалық әуежайда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Моңғолия президенті 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады.

Моңғолия – 2004 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мәртебесін алған алғашқы мемлекет. Сол кезде бірлестік географиялық тұрғыда кеңейе түсті, бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделінің артуына дәлел болды.

Қазақстан-Моңғол ынтымақтастығы аясында дәстүрлі достық саяси қатынастардан басқа, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі екенін атап өткен жөн. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $133 млн құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға өсім көрсетті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: