Могамед Адиев жақын арада Ресейге кететінін мәлімдеді

13 Ақпан, 10:45 699

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейге қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Sports.kz cайтына сілтеме жасап.

Жаттықтырушы Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуір айынан бері басқарып келеді.

Маған ресейлік клубтардан ұсыныстар болды, әлі түсіп тұрады. Бірақ мен циклді (Қазақстан құрамасымен) аяқтауым керек, содан кейін ғана нақты шешім қабылдаймын. Әрине, жақын арада Ресейге оралуым мүмкін екенін мойындаймын. Бірақ, оны армандап жүр екен деп қалмаңыздар. Мен қай кезде де нақты әрекет етемін. Қазір Қазақстан құрамасында барлығына толық көңілім толады. Бар ойым алдағы ойындарда, - деді Адиев.

Айта кетейік, 21 наурызда Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке қатысу үшін турнирдің жартылай финалдық матчында Грекиямен ойнайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: