Мобильді аударымдар: кімдер салық төлемейтіні белгілі болды

13 Желтоқсан 2023, 17:30 1202

Кәсібі бар адамдар кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша тіркеліп, аударымдар үшін бөлек арнайы шот ашуы керек. Сөйтіп салық төлеуге міндеттелед, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мобильді аударымдарды реттейтін заң былтыр қабылданғанын еске салды

Банктермен пилоттық жоба жүріп жатыр.Біз мынадай критерий қойдық – үш ай ішінде бір карточкаға 100 аударым. Біз бақылаймыз. Бұл шартты критерийлер, біз оны өзгертуіміз де мүмкін, аз не көп болуы да ықтимал. Заң былтыр қабылданған және кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді аударымдарға салық салуға бағытталған. Ал егер мобильді аударымдар туысқандар, әріптестер арасында жасалса, енді түрлі жағдай болады ғой, онда бұл кәсіпкерлік қызметке жатпайды және оған салық салынбайды, - деп түсіндірді Жамаубаев мәжіліс кулуарында.

Егер азаматтың жеке банк шотына үш айдың ішінде ай сайын 100 не одан көп адамнан ақша түссе, олар бақылауға алынады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: