ММА жекпе-жегінде қазақстандық екі құтқарушы жеңіске жетті

ММА жекпе-жегінде қазақстандық екі құтқарушы жеңіске жетті

Қонаев қаласында OCTAGON 77 жекпе-жек кеші өтті. Турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Иран, Қытай және Әзербайжаннан келген 34 кәсіби спортшы бақ сынады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Спорттық додаға екі өңірдің құтқарушылары қатысты. Атап айтқанда, Алматы облысы ТЖД қызметкері Райымбек Асан төрешілердің шешімімен Қытайдан келген қарсыласын жеңді. Ал Ақмола облысы ТЖД құтқарушысы Мәлік Дастан қырғыстандық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. 

Айта кетейік, екі спортшы да төртінші кәсіби ММА жекпе-жектерінде бақ сынады. 

Құтқарушыларымыздың мұндай жоғары деңгейдегі жарыста өнер көрсетуі олардың үздік дене даярлығын, ерік-жігерін және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын  дәлелдейді. Бұл жетістік азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметте де, спорт аренасында да лайықты өнер көрсете алатындарының айқын көрінісі, делінген ТЖМ мәліметінде.