14.12.2022
20:08
1613
Жаңалықтар

Митинг ұйымдастырған Марат Әбиев 2 айға қамауға алынды

Астана қаласында митинг ұйымдастырған Марат Әбиев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«12 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Ж.Әбиевті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады», - делінген хабарламада.