Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық Қазақстан ұйғырлары мәдени бірлестігінің жастар қанаты төрайымы, «Жаңғыру жолы» РЖҚ төраға орынбасары Наргизам Махмудова өзі басы-қасында жүрген игі істері жөнінде айтып берді. Сондай-ақ, ұйғыр ұлтының ұлттық бас киімдері, ұлттық аспаптарымен таныстыра отырып, өзінің елін сүйген нағыз патриот екендігін жеткізді. Ол "әрбір қазақстандық мемлекеттік тілде сөйлеу керек" дегенді алға тартады.