Минск көрмесінед Қазақстанның ұлттық экспозициясы ашылды

5 Маусым, 02:29 444

«Белагро-2024» мамандандырылған көрмесінде Қазақстанның ұлттық экспозициясы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық көрмеге Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков төрағалық ететін делегация қатысып жатыр. Жеті күн ішінде 70-тен астам отандық компания өз өнімдерін ұсынып қана қоймай, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және құс шаруашылығын дамытудағы озық бағыттармен, өнімді қайта өңдеу, орау және сақтаудың заманауи технологияларымен, белорустық шаруалардың ауыл шаруашылығы техникасымен таныса алады.

Қатысушылар қатарында АӨК қайта өңдеу және терең өңдеу өнімдерін, сүт және кондитерлік өнімдерді, бал, ет және шұжық өнімдерін, құрғақ түйе және бие сүті, тәттілер мен деликатестер сияқты ұлттық өнімдерді өндірушілер, «Көркем Әлем», «СПК Айбек», «Шин-Лайн» ЖШС, «Кублей», «Борте Милка», «Ваниль», «Аймар құс», «Qasaq Meat», «Цин-Каз», «Барыс-2007» және т.б. бар.

Сондай-ақ, отандық аграрлық ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми жетістіктері, оның ішінде егістік алқаптарын өңдеу үшін қолданылатын дрондар, селекциялық жетістіктерге патенттер, пробиркадағы Ин витро өсімдіктері, 4 сортты «Куляш», «Апорт», «Рахат», «Алмалық 85» алмалары, фитосанитариялық а/ш дақылдарының тұқымдарын сараптау және т.б. ұсынады.

Отандық өндірушілер BNK Group, AVAGRO, «АгромашХолдингKZ» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын, комбайндарды, тракторларды, жаңбырлату жабдықтарын, араластыру кешенін, сұйық тыңайтқыштарды енгізуге арналған тіркемелі машинаны, Sadko Next базасында өздігінен жүретін бүріккішті және т.б. техникаларды таныстыруда.

Айта кетейік, ағымдағы жылы «Белагро» агроөнеркәсіптік форумына Беларусь, Ресей, Қазақстан және басқа да елдерден 490 компания қатысады. Олардың ішінде 150-ден астам қайта өңдеуші мен тамақ өнімдерін өндірушілер бар.

Зарина Арман
Бөлісу: