Мінсіз бауырсақтың көлемі қандай болады? Алматылықтар анықтады

14 Қазан, 08:34 331

Алматылықтар нағыз мінсіз бауырсақтың қандай болатынын білді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Бауырсақ түстес күз» жобасы аясында, өткен жылдан бері алматылықтар арасында 100 келі бауырсақ таратылып, бір порцияның мінсіз көлемі анықталды – 25 грамм, яғни екі тістем.

Қазақстанның түрлі өңірлерінде бауырсақтардың пішіні мен көлемі әртүрлі, құрамы да аймаққа байланысты өзгеше болуы мүмкін. Бауырсақтың дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш немесе ромб тәрізді түрлері де бар. «Бауырсақ түстес күз» акциясы аясында нағыз бауырсақтың қандай болатыны анықталды. Ол үшін бес күн бойы inDrive.Курьеры қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына тегін бауырсақ таратты. Курьерлерге ұлттық музыканы қобыз, домбыра және флейтада сүйемелдеген музыканттармен бірге бастан-аяқ әскери киінген қазақ батырлары еріп жүрді. Алып батырларға қатты қызыққан көпшілік олармен суретке түсті, ал ыстық бауырсақтар бірнеше минутта тарап кетіп отырды.

Бауырсақ түстес күз» акциясына арнап біз бауырсақтың бірнеше түрін дайындадық, негізінен дөңгелек түрін алдық, себебі шеңбер – бейбітшіліктің және ең мінсіз геометриялық пішіннің символы, – деді компанияның ТМД бойынша бизнесті дамыту менеджері Анастасия Литвишкова.

Бірінші партияның салмағы 8 грамм болды (бір тістем), орташасынікі – 25 грамм (екі тістем), ал 30 грамм бауырсақтар – үш тістем. Алматылықтар көбінесе көлемі орташа бауырсақтарды (екі тістем) таңдаған және оны олардың аналары мен әжелері бауырсақты дәл осылай, көлемі орташа етіп жасайтынын, сонымен бірге ұстауға да ыңғайлы екенін айтып жатты. Дәл осы бауырсақтар (орташа) бес күн бойы ең бірінші болып таусылып отырды! Осылайша, нағыз бауырсақтың мінсіз көлемі анықталды: пішіні дөңгелек, екі тістегенде жеп қоятындай, салмағы 25 грамм.

Перизат Саденова
Бөлісу: