Министрлік ЖЭО-2 жөндеу жұмыстарына тексеріс жүргізді

4 Қыркүйек 2022, 15:39 998

Қатты аяз болмаған кезде 2 қазандық резервте қалады.

Энергетика министрлігінің басшылығы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері Петропавл ЖЭО-2 аумағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына кезекті тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz.

Алдағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысу кезінде «Севказэнерго» АҚ басшылығы қатысушыларға ПЖЭО-2 негізгі жабдығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы баяндап, ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін суық түскенге дейін 12 қазандықтың 11-і және екі түтін құбыры дайын болатынын хабарлады.

25 градусқа дейінгі температурада 9 қазандық қажет, қатты аяз болмаған кезде 2 қазандық резервте қалады, ал егер температура 25 градустан төмен болса, 10-шы қазандық жұмысқа қосылады, ал біреуі резервте қалатыны атап өтілді.


Бөлісу: