Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интернет желісінде таратылып жатқан «АвтоЖол+» атауымен жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство бұл хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасамағанын мәлімдеді.
Аталған ақпараттық материал жалған болып табыладыжәне алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін. Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады,-делінген мәліметте.