Министрлік су тасқынына байланысты жағдайдағы көрсетілетін көмек туралы айтты

29 Наурыз, 19:08 673
Төтенше жағдайлар министрлігі елімізідң бірнеше облысындағы су тасқынына байланысты жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының аумақтарында Төтенше жағдайлар департаменттерінде ашылған «жедел желі» телефондарында ҚР ТЖМ психологтары тәулік бойы қызмет атқаруда. Телефондарға 452 қоңырау келіп түсті. ТЖМ психологтары денсаулық сақтау және білім беру психологтарымен бірлесіп эвакуациялық пункттерде зардап шеккен халыққа шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсетеді, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: