Министрлік студенттердің "далада қалғанын" жоққа шығарды

5 Қыркүйек 2022, 22:51 1018

БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақша иелері министрліктің баспасөз қызметіне ол студенттер жайлы нақты деректерді ұсына алмаған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттердің "далада қалғаны" жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды EL.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматыдағы студенттер далада қонып жүр» деген сарындағы хабарламалар соңғы күндері бірқатар ақпараттық сайт пен әлеуметтік желіде тараған еді. Ғылым және жоғары білім министрлігі оларды мұқият зерделеп, көпшілігі бір парақшадан алынғанын және ондағы мәліметтің расталмағанын хабарлайды - делінген ақпаратта

БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақша иелері министрліктің баспасөз қызметіне ол студенттер жайлы нақты деректерді ұсына алмаған.  

Осыған орай қоғам өкілдері мен Бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. Студенттердің жатақханаға орналасуына қатысты сұрақтар туындаса жоғары оқу орындарының әкімшілігіне хабарласуды сұраймыз. Ал, университеттер шәкірттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады. Айта кету керек, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болады. Ол жағдайды тікелей бақылауында ұстайды - деді министрлік.


EL.KZ
Бөлісу: