Министрлік қазақ күресіне ғылыми зерттеу жүргізді

16 Қазан 2023, 16:51 775

Туризм және спорт министрлігі Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясымен бірлесіп «Қазақ күресі» ұлттық күрес түріне зерттеу жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеуді Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландырылатын ғылыми жобасын іске асыру аясында «Қазақ күресінен спортшылардың оқу процесінде дербестендірілген тәсілді қолдана отырып ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында ұйымдастырды.
 
Қазақ күресіне арналған осындай сипаттағы зерттеулер тұңғыш рет жүргізіліп отыр. Ғылыми ізденістің қорытындысында алынған нәтижелер ерекше болады деп күтілуде.
 
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақ күресінен ҚР Ұлттық құрама командасы деңгейінде де зерттеулер өткізілген.
 
Зерттеу жүргізілген топта спорт шеберіне кандидаттардан бастап халықаралық дәрежедегі спорт шеберлеріне дейінгі қазақ күресінің палуандары болды.
 
Сондай-ақ, қазақ күресі бойынша қазақстандық жаттықтырушыларға «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» елордалық жаңа ЖОО базасында біліктілікті арттыруға арналған курс пен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Мұндай ғылыми жобалар жасанды гипоксиялық жаттығуды қолдана отырып, қазақ күресі спортшыларын даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру және бірнеше медициналық-биологиялық, функционалдық және педагогикалық өлшемдер негізінде қазақ күресі спортшыларының жаттығу процесіне дербестендірілген тәсілдің тиімділігін тәжірибелік жолмен тексеру саналады,- деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, зерттеу тобының құрамында дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының және Qazaq Kuresi  қауымдастығының Спорт медицинасының ғалымдары мен мамандары болды.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: