Министрлік елдегі жанармай қоры туралы айтты

30 Шілде 2023, 07:14 1464

Энергитика министрлігі АИ-92, АИ-95 бензин бағаларының сұранысқа байланысты өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ қалыпты пайдалану режимінде жұмыс істеп жатыр және АИ-92, АИ-95 автобензиндерін және өтінімдер болған кезде АИ-98 автобензиндерін өндіруде.

Мұнай базаларындағы, жолдағы, МӨЗ-дегі және АИ-95 «премиалды» автобензинінің импорты көлемдерінің жиынтық қоры 36,5 мың тоннаны (елдің 12 күндік қажеттілігі) және АИ-92 – 257,1 мың тонна 18 күн).

Айта кетейік, АИ-92 автобензинінің шекті бағасы бағаны мемлекеттік реттеуге байланысты 205 теңге/литрден аспауы тиіс.

АИ-95 бағасын мемлекет реттемейді, сондықтан жанармай құю станциясының «пистолетінен» шығатын баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі АИ-95+ автобензиніне демалыс кезеңін және сұраныстың артуын ескере отырып, АЖҚС ірі желілеріне (QazaqOil, Helios, Sinooil, Газпромнефть, Gasenergy) импорттау мүмкіндігі туралы түсініктеме берді.

Павлодар облысына келетін болсақ, АЖҚС ірі желілері бойынша (QazaqOil, Helios, Sinooil, ГазПром, GasEnergy) еркін сатылатын отын, жазғы демалыс кезеңіне және тұтынудың артуына байланысты шектеулер болуы мүмкін.

2023 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысында мұнай базаларында және жолда 0,8 мың тонна АИ-95 немесе 8 тәулікке жететін, Аи-92 – 4,1 мың тонна немесе 9 тәулікке жететін көлемдері бар.

Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталып, Павлодар МӨЗ іске қосылуын ескере отырып, автобензиндерді жеткізу көлемі біртіндеп ұлғаятын болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: