Министрлік астық пен ұн нарығындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

1 Қазан 2023, 08:31 764

Мониторинг қорытындысы бойынша көтерме және бөлшек саудада ұн бағасының өсу қарқынының төмендегені атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта сауда заңнамасын бұзудың салдарын түсіндіру арқылы Бизнестің алыпсатарлық дәрежесін төмендетуге қол жеткізілді, мысал ретінде Жамбыл облысындағы бағалардың төмендеуі болып табылады.

Ағымдағы жылғы 27 қыркүйектегі кеңесте сауда және интеграция министрі А.А. Шакқалиев өңірлер мен «Азық-түлік корпорациясы «ҰК» АҚ алдына 2 күн ішінде ішкі нарықты арзандатылған астықпен қамтамасыз ету жөніндегі меморандумдарға қол қою міндетін қойды.

Осы тапсырманы неғұрлым тиімді іске асыру үшін «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС-мен астықты ел ішінде тасымалдауды басым бағыт ретінде айқындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, әкімдіктердің әлсіз жұмысын атап өтеміз, бүгінгі таңда Түркістан облысының әкімдігі ғана жөнелту үшін қажетті құжаттарға қол қойып, ұн тарту операторын анықтап, алдын ала төлем жасады.

Тек 3 өңірді ұн тартушы операторлар (Павлодар, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы) ұсынды.

Меморандумдарға тек алты өңірде (Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстары, Ұлытау облысы, Шымкент қаласы, Астана қаласы) қол қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысында ұн бағасының өсуіне және тапшылығына жол бермеу үшін «Солтүстік» ӘКК» АҚ DEZ ЖШС-мен бір жыл мерзімге төрт мың тонна ұн сатып алуға келісімшарт жасасты. Компания «Солтүстік «ӘКК» АҚ өтінімі бойынша өнім жеткізетін болады. Ұнның бір бөлігі әлеуметтік нан пісіруге арналған нан-тоқаш кәсіпорындарына және сатуға арналған қаптамаға жіберіледі.

Бұдан басқа, Министрлік Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бағаның қалыптан тыс күрт өсуін ескере отырып, баға келісімі және нарыққа қатысушылардың бәсекелестікке қарсы іс-қимылдары тұрғысынан тексерулер жүргізу, сондай-ақ монополияға қарсы заңнама шеңберінде тиісті шаралар қабылдау мәселесін пысықтауда.

Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ЭШФ деректері бойынша 1-сұрыпты ұнды өткізу кезінде сауда үстемесінің 15% -. анықтау тұрғысынан сұрау жіберілді.

Ұн бағасының одан әрі оңтайлану үрдісі әкімдіктердің «Азық-түлік корпорациясы «ҰК» АҚ және ҚТЖ астықты өңірлерге жеткізу бойынша арзандатылған астық алу жеделдігіне байланысты.

Үкімет тарапынан барлық үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

Берік Арманов
Бөлісу: