Министрлер қашан демалысқа шығатынын айтты

12 Шілде 2023, 15:33 892

Үкімет кулуарында тілшілер министрлерден қай уақытта демалысқа шығатынын және қай жерде демалатынын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев демалысқа жоспар бойынша шығатынын айтты.

Демалысқа жоспар бойынша шығамын, премьер-министрмен келісілген. Жылыту маусымы бойынша орталық мемлекеттік орган, яғни Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі барлық қажетті жұмысты атқарды, - деді Қарабаев.

Ал ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылғы қаңтардан бері, яғни қызметке тағайындалғалы демалысқа шықпағанын, биыл да бармайтынын алға тартты.

Бұған дейін депутаттар қай жақта демалатынын жазғанбыз.

Оқи отырыңыз:

Биыл демалысқа шықпаймын, былтыр да бармағанмын, - деді министр.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев те жуық арада демалыс алмайды екен. Ол қазір еліміз бойынша жылу беру нысандарын аралап жүр.

Мен де әзірге демалысқа шықпаймын. Келісілген кесте бойынша көреміз, - деді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: