Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда технологиялық даму жаңа кезеңге өтпек. Үкімет деңгейінде айтылған бастамаларға қарағанда, енді елде тек цифрландыру емес, нақты инновациялық өнімдерді сынақтан өткізу мен енгізу қарқыны күшейеді. Соның бірі – пилотсыз автомобильдер.
Премьер-министрдің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында Қазақстанда пилотсыз көліктердің эксперименттік жобасы іске қосылатынын мәлімдеді. Жобаға халықаралық технологиялық компаниялар қатысады, ал оны жүзеге асыру 2026 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр. Бұл бастама елдегі қалалық мобильділік пен логистиканы жаңа деңгейге шығаруды көздейді.
Министрдің айтуынша, бүгіннің өзінде мұндай технологияларды енгізуге қажетті инфрақұрылым біртіндеп қалыптасып келеді. Соның ішінде жеткізу дрондарын қолдану бойынша пилоттық жобалар іске қосылған. Жоба Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысында іске асырылады.
Біз пилотсыз технологияларды дамытуды жүйелі түрде қолға алып отырмыз. Қазақстанда халықаралық серіктестердің қатысуымен пилотсыз автомобильдер жобасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл қалалық мобильділік пен логистиканың жаңа үлгілерін сынауға мүмкіндік береді, – деді Жаслан Мәдиев.
Цифрлық экожүйені дамытудағы негізгі тірек жобалардың бірі – Exponential Cluster. Бұл – ғылым, стартаптар мен өндіріс бір ортада тоғысатын инновациялық алаң. Мұнда Robotics, DroneTech, GameDev, Cybersecurity, MedTech, AgriTech, Industry 4.0 және Cybersport бағыттары бойынша арнайы технологиялық орталықтар құрылып жатыр. Қазірдің өзінде робототехника орталығында телебасқару арқылы гуманоид роботты басқару мүмкіндігі іске қосылған. Ал оны тілдік модельдермен біріктіру келушілермен интерактивті байланыс орнатуға жол ашып отыр. Сонымен қатар дрондар орталығында Phygital-арена мен ұшқышсыз аппарат операторларын дайындайтын инфрақұрылым аяқталуға жақын.
Дрондар орталығында Phygital-арена мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлауға арналған инфрақұрылым құру аяқталуға жақын. Ал робототехника орталығында гуманоидты роботтар зертханасы іске қосылды. Мұнда Alem тілдік моделімен интеграцияланған шешімдер қолданылуда, – деп атап өтті министр.
Жоспар бойынша, кластердегі барлық орталықтар биыл толық іске қосылады. Ал болашақта бұл алаң жыл сайын 500-ге жуық стартапты қолдауды көздеп отыр. Оның ішінде 100-ден астамы hardware жобалар болмақ. Яғни тек бағдарламалық емес, нақты құрылғылар мен техникалық шешімдерге басымдық беріледі.
Сондай-ақ инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселесі де кеңінен талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық еткен жиында сала төрт негізгі институт арқылы дамитыны айтылды. Соның ішінде жасанды интеллект стартаптарына арналған AI’preneurs акселерациялық бағдарламасы ерекше аталды. 2024 жылдың қыркүйегінен бері бұл бағдарлама аясында 35 стартап іске қосылған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?