Министр утиль алым мөлшерлемесін төмендетуге неге қарсы

27 Наурыз, 12:35 1074

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі утиль алым мөлшерлемесін төмендетуге неліктен қарсы екенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс отырысында депутат Нартай Аралбайұлы Ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы, Экология, Ұлттық экономика министрліктері өкілдерінің барлығы утиль алым төлемдерінің азаюына қарсы емес, тек Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі, комитет төрағасы ғана бұл төлемдердің қажет және осы күйінде сақталуы керек деп отырғанын айтты.

Осы мәселеге байланысты Мәжіліс кулуарында министр журналистердің сұрағына жауап берді.

Министр утиль алым бойынша ешқандай өзгеріс жасамайтынын жеткізді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі ретінде менің жұмысым – кәсіпорындарды дамыту, олардың қуаттылығын арттыру. Қазіргі таңда Қазақстанда екі автокөлік зауытын салып жатырмыз. Автокөлік өндіру саласында қаншама адам жұмыс істейді. Оны ешкім санап жатқан жоқ. Мысалы, 2025 жылы Кia зауытынын жұмысын аяқтаймыз. Сонымен қатар Алматы қаласының жанында 90 мың көлік өндіретін зауыт салып жатырмыз. Олардың жұмыс орындарын кім сақтайды? Мен депутаттарға осындай сұрақ қойдым. Түркияда немесе басқа елдерде бізден бағасы (утиль алымның ред.) жоғары немесе тең. Қазақстан азаматтарының жұмыс орындары мен кәсіпорындары сақталуы үшін, меніңше, бізге аз да болса протекционизм жасау керек, - деп түсіндірді министр.

Миражан Махан
Бөлісу: