Бұл туралы Саясат Нұрбек Қазақстан ұлттық арнасындағы «Жедел желі» студиясында айтты, деп хабарлайды EL.KZ.
Келесі жылдан бастап ол ақшаны біз бюджетте қарастырып қойдық. 160-170 миллион көлемінде. Ай сайын қолдарына 50-60 мың беріледі. Көмекке мұқтаж 7,5 мың бала бар. Олардың ішінде әлеуметтік осал топтағы, ауылдық жерлерден және толық емес отбасыдан шыққан балалар бар. Ақшаны есептеп қойдық. Келесі жылдан бастап беріледі, – деді министр.