Министр ресейліктерді жұмыспен қамтуға қатысты пікір білдірді

27 Қыркүйек 2022, 11:31 1515

Айта кетейік, кеше Үкімет басшысы Ресейден келгендерді уақытша жұмыспен қамту туралы тапсырма берген болатын.

Қазақстанға Ресейден келген азаматтарды жұмыспен қамту бойынша туындаған пікірге байланысты Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өз пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz

«Әрине, бірінші кезекте Қазақстандық азаматтарға жұмыс беру керек, жұмыстарды құру керек және бұл іс жүзіндеде солай болады. Қазақстандықтардың қамын бірінші ойлаймыз», - деді министр.

Айта кетейік, кеше Үкімет басшысы Ресейден келгендерді уақытша жұмыспен қамту туралы тапсырма берген болатын. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың бұл тапсырмасын көпшілік дұрыс қабылдамады. Бұл мәселеге қатысты бүгінгі Үкімет отырысында Әлихан Смайылов халыққа қайта түсіндірді. Ол шетел азаматтарына көрсетілетін барлық көмек тек қана заң аясында болатынын айтты.


Миражан Махан
Бөлісу: