Министр мектептерде буллингті тоқтату үшін қандай жұмыс атқарылатынын айтты

1 Қыркүйек 2023, 14:11 1140

Мектептерде оқушылар арасындағы буллингті тоқтату үшін Қазақстан Финляндия елінің тәжірибесіне жүгінеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, білім саласы 3 негізгі бағытқа назар аударып отыр.

Біріншіден, білім саласындағы оқушылар арасындағы буллингті азайту үшін Финляндия елінің «Киви» деген бағдарламасын қарастырып отырмыз. Бұл бағдарлама өз кезегінде 10 жылдың ішінде фин мемлекетіндегі буллингтің бірнеше есе азаюына ықпал еткен. Сондықтан бұл бағдарламаны біз өзіміздің білім саласында қолдануды жоспарлап отырмыз. Жалпы, бұл жерде мектептердегі тығырықты мәселені арнайы мамандар мен білім басшылығы шешуі керек. Сондай-ақ арнайы есепте тұрған балалармен психологиялық жұмыс істеу керек, - деді министр.

Министр екінші бағытта мектептердегі психологиялық қызметтерді күшейту қолға алынатынын атап өтті. Осы орайда педагог-психолог мамандар саны мен біліктілігін арттыру қарастырылатынын айтты.

Үшіншіден, мектептерде оқушыларға қаржылық сауаттылықты үйрететін жүйемен қамту көзделген. Бұл жүйе 2012 жылдан бері іске асып келеді. Бұл жүйе бойынша да маман тапшылығын шешу іске асырылады, - деді оқу-ағарту министрі.

Миражан Махан
Бөлісу: