Министр – Ерекше балаларды оңалту орталықтарының саны артады

21 Қыркүйек 2022, 11:22 2125

5 мыңға жуық баланы қамтитын 8 балаларды оңалту орталығы ашылды.

Биыл жылына 5 мыңға жуық баланы қамтитын 8 балаларды оңалту орталығы ашылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды El.kz

«Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 5 мыңға жуық баланы қамтитын 8 балаларды оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ 3 жасқа дейінгі дамуында ауытқушылықтары бар және олардың туындау қаупі бар балаларға арналған 2 ерте араласу орталығы ашылды. Олар Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан және 2023 жылдың соңына дейін 10 мыңнан астам баланы қамтитын 13 орталық ашу жоспарланып отыр», - деді министр.


Миражан Махан
Бөлісу: