Министр: Бүгін өрттің негізгі ошақтары сөндірілді

7 Қыркүйек 2022, 01:30 845

Министрдің сөзінше, биік беткейлерде өрт байқалып отырған жоқ. Бірақ көп жағдай ауа райына байланысты болады.

Қазіргі кезде төтенше жағдай қызметкерлерінің бар күші Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Бағаналы ауылы маңындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгінде өрттің негізгі ошақтары сөндірілді. Бар күшті жұмылдырып, жұмыстар жалғасып жатқан жалғыз аудан – Бағаналы елді мекені. Кенттің өзіне қауіп төніп тұрған жоқ. Бықсып жанудың жекелеген ошақтары бар, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Министрдің сөзінше, биік беткейлерде өрт байқалып отырған жоқ. Бірақ көп жағдай ауа райына байланысты болады.

Ертең желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жететіні болжанып отыр. Бұл өрттің қайта тұтануына алып келуі мүмкін. Қазіргі кезде барлық бөлімшелер белсенді қызмет атқарып отыр. Түнде күзет қойылады, жағдайды бақылаймыз. Штаб жұмысын жалғастырып жатыр, әзірге таратылған жоқ, - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы.

Бұған дейін Қостанай облысында елді мекендерге төнген өрттің тұтану қаупі жойылғаны туралы хабарланған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: