«Міндетті түрде QR-мен сауда жасаймын». Вице-министр Ержан Біржанов шындығын айтты

9 Қаңтар, 16:12 2351

Қаржы вице-министр тұтынушы ретінде қалтаға қағаз ақша салып жүруге қатысты пікір білдірді. Мобильді аударым басталғалы ведомства басшысы сауда орталықтарын қаншалықты жиі аралайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, базардың аты базар, сатушылар көп. Қай жерде заңды түрде барлық ереже сақталған сол жерге төлем жасап, затты сатып алады екен.

Осы жағдай басталғалы бері өзім де базарға барып көріп жүрмін. Мен өзім қалтамнан ақша бермеймін. Бір жерде мобильді аударым болса, екінші бір жерде QR код бар, – деді вице-министр.

«Үкімет инфляциямен күресіп жатқанда осындай жағдайда қайтадан қымбатшылықпен бетпе-бет келмей ме?» деген тілшінің сауалына вице-министр жауап берді.

Бұл жерде бағаның қымбаттауы емес, табыстың мөлшері сөз болып отыр. Мәселен аударым алып отырған екінші азамат мемлекетке деген қаражатты өзінің қалтасына салады. Неге оның бағасы көтерілмейді? Себебі бәсекелестік бар. Өздеріңіз білетіндей, әр азамттың үйінде бір немесе екі сауда орыны бар. Тұтынушы ретінде мен қай жерде QR бар сол жерден сатып алуға тырысамын. Ал қымбатылық туындамайды. Жеке кәсіпкерлерге мұның жеңіл түрін ұсындық. Екі жылдың ішінде 300 мыңға жукық адам сол қосымша арқылы тіркеліп, салық төлеп жатыр. Егер біз осыны жасамасақ, 300 мың адам қазір көлеңкелі экономикада қалатын еді, – деді Ержан Біржанов.

Ведомства басшысы кәсіпкерліктен пайда тапқан жағдайда міндетті түрде салық төленуі тиіс екенін айтты. Бұл салықтар тек қана қорға түспейтінін және міндетті түрде әлеуметтік салаға жұмсалатынын атап өтті.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: