Әмина Байкемелқызы: «Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашыры болғым келеді»

7 Қыркүйек 2022, 17:50 2375

«100 өлең» республикалық көркемсөз оқу байқауының жеңімпазы бүгінде қазақ ақындарының 400-ге жуық өлеңін жатқа біледі. Ұлы ақын А.Құнанбаевтың 30-дан астам өлеңі мен 5 қарасөзін кез келген жерінен айтып бере алады. Әдебиетке ынтасы ерекше Әмина 2 жасынан тілі шығып сөйлей бастаған. 4 жасында хат танып, 10 шақты кітапты оқып, мазмұнын түсіндіріп айтатын деңгейде болған. Тек өлең жаттамай, өзі де өлең шығаратын ақындық қасиеті бар. Түрлі республикалық көркемсөз байқауларының бас жүлдегері, таяуда Түркістанда өтетін «Яссауи хикметтері» байқауына қатыспақ. Бес тіл қазақ, орыс, ағылшын, араб және кәріс тілін біледі.

Бөлісу: