31.05.2025
02:25
1693
Миллиондарды иеленген: Ресейден экс-бизнесмен экстрадицияланды

Миллиондарды иеленген: Ресейден экс-бизнесмен экстрадицияланды

Ресейден аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікті тағы бір азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бас прокуратура мәліметінше, 2022-2023 жылдары Ақтау қаласында кәсіпкерлікке инвестиция саламын деп таныстарынан ірі көлемде ақша қаражатын алып, жоғары пайда уәде еткен. Алайда уәдесін орындамай, алынған қаражатты өз қажетіне жаратқан.

Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 6 қазақстандық азаматқа жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам залал келген.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған, - делінген мәліметте.

Күдікті былтыр қарашада Екатеринбург қаласында ұсталып, ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.