08.09.2025
09:51
471
Миллиардерлер үшін қолайлы ел анықталды

Миллиардерлер үшін қолайлы ел анықталды

CNBC мәліметінше, еуропалық мемлекеттердің басым бөлігі салық заңнамасын қатаңдатып жатқан кезде, Рим ауқатты азаматтарға шетелден түсетін табысқа жылына 200 мың еуро көлемінде бекітілген мөлшерлеме ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Осылайша, Италия қалталы адамдар үшін тартымды орынға айналды. Олардың қатарында мысырлық миллиардер Нассеф Савирис пен Goldman Sachs вице-президенті Ричард Гнодде бар. Сарапшылардың бағалауынша, Италиядағы миллиардерлердің саны 3 600 адамға дейін жетуі мүмкін.

Осындай үрдістің әсерінен елдің кейбір аймақтарында тұрғын үй бағасы күрт өсті. Милан, Тоскана және Италиялық Ривьерада бір шаршы метрдің құны айтарлықтай қымбаттады. Ал Ломбардияда 2017 жылдан бері баға 50 пайызға өскен.

Ыңғайлы салық саясатына қарсы адамдар елде әлеуметтік теңсіздік артады десе, жақтастары туризм мен қызмет көрсету саласын ынталандырады деп есептейді.