Милана Парфилова халықаралық турнирде екі медаль иеленді

9 Маусым, 13:42 581

Ресейдің Омбы қаласында екі дүркін Олимпиада чемпины Евгения Канаеваның жүлдесі үшін жарыс өтуде. Аталған сында қазақстандық Милана Парфилова көзге түсті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Милана таспамен жаттығуда қола, шығыршықпен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. 

Одан бөлек, топтық жаттығудан Қазақстан командасы бес шығыршықпен жаттығуда турнирдің күміс медалін иеленді. Қазақстан командасы көпсайыста қолаға қол жеткізген болатын.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: