Милан-Кортина-2026 ұйымдастыру комитеті алдағы Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындарының медальдарын таныстырды. Салтанатты рәсім Венето аймағының астанасы Венеция қаласында өтті.
ҰОК мәліметінше, жаңа олимпиадалық медальдар екі жарты бөліктен тұрады. Олар спортшының мансап жолын және осы жолда оның жанында болған барлық адамды бейнелейді.
Белгілі болғандай, Италияның мемлекеттік теңге сарайы мен баспа институты (IPZS )марапаттарды қайта өңделген металдан жасаған. Құймалар жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істейтін индукциялық пештерде дайындалмақ, ал қаптамасы пластикті мейлінше аз пайдалана отырып, FSC сертификатталған материалдардан өндіріледі.
Біз Олимпиада және Паралимпиада ойындарына арнап жасаған медальдар – италиялық дизайнның шеберлігі мен кемелдігінің көрінісі. Әрқайсысы – қолөнер мен инновация тоғысынан туған бірегей туынды, - деді Италия мемлекеттік теңге сарайы мен баспа институтының президенті Паоло Перроне.
Дизайн эмоция мен командалық рухты айшықтап, Милан мен Кортина қалаларының бірлігін ғана емес, жеңіс пен оған жету жолындағы күш-жігердің мәнін де бейнелейді. Медальдар екі бөліктен құралған, оларды Олимпиада және Паралимпиада құндылықтары біріктіреді. Бұл – спорттық жолдың қорытындысы және сол жолда жанынан табылғандардың еңбегіне деген құрмет.
Милан-Кортина-2026 Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді. Жалпы саны 245 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Бұған дейін Астана бокстан өткен Әлем кубогы туралы жазғанбыз.