18.04.2025
19:39
1049
Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан Дохадағы (Қатар) Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі жүлде де еркін жаттығу бағдарламасы бойынша қоржынға түсті.

Бұл бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен Милад Карими 14.466 ұпай иеленіп, чемпион атанды.

Алтынхан Темірбек 13.633 ұпаймен күміс жүлде еншіледі.

Үздік үштікті 13.600 ұпай жинаған Ұлыбритания өкілі Сэм Мостоуфи түйіндеді.

Айта кетейік, 18 сәуірде ат снарядындағы жаттығудың финалдық кезеңіне Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қатысады.