Микрофонсыз дуэт: Димаш ерекше өнерімен тағы тамсандырды

12 Желтоқсан 2023, 09:50 9691

Танымал әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген жанкүйерлерін өнерімен тағы қуантты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы Димаш хорватиялық виолончелист Степан Хаусермен дуэтте өнер көрсетті. Виолончельдің үні мен жерлесіміздің ерекше дауысы керемет үндесіп, ғажайып оқиғаға ұласқан тәрізді.

Видеоның астына қазірдің өзінде 13 мыңға жуық пікір жазылған, әлемнің түпкір-түкпірінен оқырман қауым таңданысын білдіріп жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от HAUSER (@hausercello)

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: