М. Кукушкин ширек финалға шығу үшін хорватиялық Борн Гойомен таласады
Қазақстандық Михаил Кукушкин Чикаго (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, – деп хабарлайды El.kz.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, М. Кукушкин бастапқы кездесуін америкалық Говинда Нандамен өткізді. Қазақстандық теннисші екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
М. Кукушкин ширек финалға шығу үшін хорватиялық Борн Гойомен таласады. Ол әлемнің 102-ші, жарыстың 1-ракеткасы, швейцариялық Хенри Лааксоненді 3:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтып кетті.
Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко Чикагода америкалық Бен Шелтонға жол берді – 0:6, 6:7 (5:7).
Тимофей Скатов Сан-Марино челленджер жарысында италиялық Александр Вайстан ұтылып қалды – 3:6, 1:6.
Торонто мастерс додасында Юлия Путинцева жұптық сында америкалық София Кенинмен бірге алғашқы айналымда мажарстандық Анна Бондарь – бельгиялық Кимберли Циммерманнан басым түсті – 7:6 (12:10), 7:5.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Торонто жарысын жеңіспен бастағанын, Юлия Путинцеваның екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, қазақстандық теннисшілер Өскемен жарысын сәтті өткізіп жатыр.