Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-При жарысда қола жүлдегері ие болды

11 Қараша 2023, 22:19 817

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-При жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10-12 қараша аралығында Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-При кезеңінің жарысы өтіп жатыр. Ерлер арасындағы жекелей сында отандасымыз Михаил Шайдоров жалпы 264.46 ұпай еншілеп, қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл 19 жастағы спортшымыздың мансабындағы үздік ұпай көрсеткіші болып отыр.

Бірінші орынды Франция спортшысы Адам Сяо Хим Фа (298.38) иеленсе, жапондық спортшы Шома Уно (279.98) күміс жүлдегер атанды. Бұл жарыста 12 елдің 57 спортшысы бақ сынаған болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: