04.10.2025
21:41
580

Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Спортшы қысқа бағдарламаны (95.01) да, еркін бағдарламаны (187.21) да бірінші орында аяқтады. Жалпы есепте 282.22 ұпай жинады.

Грузия өкілі Ника Егадзе 266.90 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал АҚШ спортшысы Джейсон Браун 257.81 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.