Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында өнер көрсетеді

9 Шілде 2023, 15:19 1031

Қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хиллс (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 240-ракеткасы, америкалық Теннис Сандгренмен ойнап, 2:0 есебімен алға шықты. 

Кукушкин 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 24 минутқа созылған матчта ол 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды. 

Енді отандасымыз финалда әлемнің 219-ракеткасы, тағы бір америкалық Стив Джонсонмен бас жүлдені сарапқа салып, турнир үздігін анықтайды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: