Мейрамханалар көрсетілген қызмет үшін 10 пайыз ақы алуы заңды ма?

8 Қараша 2023, 12:18 1168

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кафе, мейрамханалардың қызмет көрсеткені үшін 10-15 пайыз ақы алуы қаншалықты заңды екенін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Әр кафенің өз саясаты бар. Олар жалақы төлеуі керек қой. Сол себепті олар қызмет үшін қосады. Бірақ оны (шотта – ред.) көрсеткені, бір жағынан дұрыс. Оны көрсетпеуге де құқы бар. Бірақ оны бәрібір бағаға қосады, - деп айтты министр.

Сөзінше, ресторан қосымша құн салығын төлемейді. Себебі олар арнайы бөлшек салада отыр.

Олар ҚҚС төлейтін болса, әрине, қызмет үшін ақы қосады. Төлемейтін болса, қалай қосады? Оны қосуға құқы жоқ. Олар ҚҚС төлемейді, - деді Қуантыров.

Миражан Махан
Бөлісу: