Мейрамханадағы жарылыстан 7 адам көз жұмды

31 Желтоқсан 2022, 16:15 2187

Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Түркияның Айдын провинциясында мейрамханада жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды TRT Haber жергілікті билікке сілтеме жасап.
 
"Айдын губернаторы Гусейн Аксой Назилли ауданындағы мейрамханада болған жарылыстан, алдын ала мәліметке сәйкес, 7 адам көз жұмғанын айтты", - деп хабарлайды телеарна.
 
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
 
"Негізгі болжам бойынша мейрамханада газ баллоны жарылған", - деді губернатор телеарна эфирінде.
 
Тағы төрт адам жараланды деген ақпарат бар.
EL.KZ
Бөлісу: