Мейрамбек Қартбай әлем чемпионатында Олимпиада жолдамасы үшін күреседі

18 Қыркүйек 2023, 23:51 1530

Мейрамбек Картбай 2023 жылғы әлем чемпионатында қола үшін белдесуде есе жіберді,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алайда отандасымыз келер жылы өтетін Париж Олимпиадасының жолдамасына үшін белдесу өткізеді. 

Қазақстандық спортшы армениялық Арсен Арутюнянға үшін орын үшін күресте жол берді. М.Қартбайдың қарсыласы осы уақытқа дейін екі жыл қатарынан 61 келіде әлем чемпионатында үшінші орын иеленген болатын. Енді Сербиядағы сында ол 57 келіде қола жүлдегер атанып отыр. 

Мейрамбек Қартбай үшінші орын үшін күресте жүлдеден тыс қалған ресейлік Заур Угуевпен Олимпиада жолдамасы үшін белдесу өткізетін болады. Айта кететін жайт, ресейлік спортшы осы салмақта екі дүркін әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ, Токио Олимпиадасында алтыннан алқа тағынған еді. 

Берік Арманов
Бөлісу: