Мейрамбек мен сияқты бола алмайды - Саят Медеуов

11 Тамыз 2023, 18:37 11142

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Саят Медеуов в әншілерді Димаш Құдайбергенмен салыстырудың дұрыс еместігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол депутат Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында «Димашпен мақтануымыз» керек екенін еске салып өтті.

Әншілерді Димашпен салыстыруға келіспеймін. Бәйгенің аты мен көкпардың атын салыстырмайсыз ғой. Сол секілді екі әншіні салыстырудың керегі жоқ. Мені қанша жерден мықты десе де, мен - Мейрамбек бола алмаймын. Мейрамбекті қанша мықты десе де, ол - мен бола алмайды. Біреуді біреумен салыстыру мүмкін емес. Рингке шығып төбелесетін бокс емес. Өнер деген халыққа керек дүние, - деді Саят Медеуов.

Ол сондай-ақ олай қарайтын болсақ, қазақ өнері өспейді деп айтты.

 Бір Димашпен тоқтауы керек болады. Димаштың айтқан өлеңін мен айта алмауым мүмкін. Ал менің өлеңім оның орындауына келмей қалуы ықтимал. Сондықтан бірнәрсе деуге болмайды. Димаштың өнері, диапазоны жоғары. Ол әлемдік деңгейде қазақты танытқан әнші. Салыстырудың керегі жоқ. Ертең сол Димашпен салыстырып, төмен қойған әншілер оған қарсы шығып, оны жек көруі мүмкін. Сондықтан менің айтқым келетіні, салыстырмау керек, - дейді әнші.

Алмас Абылай
Бөлісу: